Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Әйтеке би көшесі, 9а ү.
+7(775)368-12-95
svetat.75@mail.ru

🚨 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті электросамокаттарды зарядтау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады!

⚡ Соңғы уақытта самокаттан шыққан өрт оқиғалары артты. Үй ішінің қауіпсіздігі үшін келесі ережелерді еске саламыз:

🔌 Зарядтағыш – тек түпнұсқа болу керек!

Жалған құрылғы – батареяның қызып, жарылуына себеп болады.

⛔ Самокатты қараусыз қалдырмаңыз;

Түнде немесе үйде ешкім жоқ кезде зарядтауға болмайды!

🔥 Жанғыш заттардың жанында зарядтамаңыз;

(төсек, перде, жиһаз қасында қауіпті)

🔋 Толық қуатқа жеткізбей тоқтатыңыз;

100%-ға жеткізбей, қуаттауды өшіріңіз

🚫 Ісінген не иісі шыққан батарея – қауіп көзі болып табылатындығын естен шығармайық!

👨‍👩‍👧‍👦 Өз үйіңіз бен жақындарыңыздың амандығы өз қолыңызда!

Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен қауіптің алдын алады! ✅

 

Толығырақ »