Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу», - деп атап өтті.
Жаңа жылдық мерекеге орай бөбекжай-бақшамызда
“Жаңа жылым қош келдің!” тақырыбында “Өнер тапқыштар” ересек тобы ертеңгілік өткізді. ![]()
![]()
Шара барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, жаңа жылдық көңіл-күймен би билеп, ән салып,
Аяз ата мен Ақшақардан тәттілер алды.
Жаңа 2026 жыл - жаңа үміт, жаңа қуаныш, жаңа жетістіктерге толы жыл болсын!
“Өнер тапқыштар” тобы тәрбиелееушісі: Испаналиев Бекзат анасымен
“Өнер тапқыштар” тобы тәрбиелееушісі: Испаналиев Бекзат анасымен
«Мектеп пен балабақша сабақтастығы»
Біздің балабақшаның “Өнер тапқыштар”ересек тобының тәрбиеленушілері «Мектеп пен балабақша сабақтастығы» жобасы аясында мектепке танымдық саяхат жасады. ![]()
![]()
Балалар мектептің оқу кабинеттерімен, сыныптарымен танысып, мұғалім апайлармен кездесті. Бұл шараның мақсаты – балаларды болашақ мектеп өміріне бейімдеу, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және жаңа ортаға сенімді қадам басуға дайындау. ![]()
Кішкентай зерттеушілеріміз саяхаттан ерекше әсер алып, жаңа әсер мен қуанышқа бөленді!
«АЛУАН-АЛУАН КӘСІП БАР, ТАҢДАЙ БІЛ ДЕ, ТАЛАП ҚЫЛ!»
Мақсаты: Балаларға мамандықтардын түрлерін таныстыру, түсініктерін молайту. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып өз бейіміне сейкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау. Кәсіп сөзін тусіндіру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін
дамыта отырып, қызығушылығын ояту.
Бүгін біздің ЖШС “AYBOBEK” бөбекжай бақшасының “Өнер тапқыштар” ересек тобының тәрбиеленушілері жылыжайға барып, табиғаттың кереметтерімен жақын танысты
Балалар өз көздерімен өсімдіктердің қалай өсіп, қалай күтілетінін көріп, үлкен қызығушылық танытты.
Осындай танымдық сапарлар арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен еңбексүйгіштігі қалыптасады ![]()
Жасыл әлеммен танысу – баланың жүрегіне мейірім мен жауапкершілік дәнін себу
1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесі
Құтты болсын!
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Өнегелі емір сүріп, жылдар
жылнамасында еліміздің дамуы мен гүлденуіне
аянбай атсалысып келген ақсакалдарымыз бен ақ
жаулықты аналарымыз төрімізге сен беріп,
арамызда
аман-есен жүре берсін. Адал еңбек
етіп, ғибратты ғұмыр кешкен қарияларымыз бейнетінің зейнетін керсін!
Бөбекжай бақша ұжымы бүгін үлкендерімізге мерекесімен құттықтап кіріп шықты.
Баршаңызды қастерлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!