"Құтты болсын, Жаңа жыл"
ЖШС "AYBOBEK" бөбекжай-бақшасындағы "Ақылды балақай" кіші тобы мен "Өнер тапқыштар " ортаңғы топтар арасында "Құтты болсын, Жаңа жыл" атты жаңа жылдық ертеңгілік болып өтті.
Міндеттері: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, бірлікпен, достықпен өткізуге баулу.
ҚАРДАН МҮСІН ЖАСАУ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
Жапалақтап қар жауып, айнала ақ мамыққа айналды. Аппақ, қалың жауған қар қыс мезгілінің ерекшелігін білдіріп, табиғатқа көрік беріп тұр.
Бүгін, бөбекжай - бақшамыздың қызметкерлері жаңа - жыл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған қардан мүсін жасау байқауына белсене қатысты.
Өнерлінің қолы алтын дегендей, шеберлеріміздің қиялдарынан туындаған қар мүсіндері өте әдемі шықты![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Байқауға қатысушы барша балабақша ұжымдарына сәттілік!
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні
ЖШС "AYBOBEK " бөбекжай балабақшасының "Өнер тапқыштар" ортаңғы тобында 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне байланысты тәрбие сағаты өтілді.
Міндеттері: Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік бере отырып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Патриоттық сезімге баулу, тіл байлығын ой- өрісін, сөзді байланыстырыр сөйлеу қабілетін дамыту.
“Ақылды балақай” кіші тобы
Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету.
Ой қабілеттерін дамыту.
Тәрбиешісі: Berikkizi Makpal
“Педагогикалық сабақтастық” жобасы аясындағы әдістемелік жұмыстар
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Әжемнен естіген ертегі” тақырыбында Ұ. Қараманов атындағы N262 мектеп- гимназиясының 8-9-10 сынып оқушылары аймақтағы “ Алтын балық”, “Күн-Нұрым”, “Айбөбек” балабақшаларына барып, бүлдіршіндерге өздерінің әжелерінен естіген ертегілерін айтып беріп, қызықты ойындар ойнап, бүлдіршіндерді қуантып келді. Осы іс- шаралардың өтуіне ат салысып жатқан жоғарыдағы балабақша ұжымына алғыс айтамыз!
"АЛТЫН КҮЗ "🍁
Бөбекжай - бақшамызда күз мезгілінің кереметтерін, күз - байлық , молшылық , қуаныш екенін балаларға жеткізу мақсатында “Ақылды балақай “ кіші тобында және “Өнер тапқыштар” ортаңғы тобында "Алтын күз" тақырыбында іс шаралар, сонымен қатар ата-аналармен бірлескен "Күз сыйы" атты көрме ұйымдастырылды.
Алтын күздің берер сыйы жылдан жылға көп болсын!
Елімізде тыныштық, береке болсын!
Сурет салу. Жапсыру
ЖШС "AYBOBEK" бөбекжай бақшасындағы "Өнер тапқыш" ортаңғы тобында ұйымдастырылған іс әрекет тәрбиешісі Берікқызы Макпал
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу. Жапсыру
Тақырыбы: Түлкі
Мақсаты: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту;жапсыруда бірнеше бөліктерден бейнелерді суреттеуге баулу;түстерді тануға баулу.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
5 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына