Қош келдің, Жаңа жыл
ЖШС "AYBOBEK" бөбекжай-бақшамызда 26-27 желтоқсан 2023 жылы кіші " Ақылды балақай", ортаңғы " Өнер тапқыш" топтарында " Қош келдің, Жаңа жыл" ертеңгілігі өткізілді . Ертеңгілікте балалар Аяз атаға, ақшақарға ,жаңа 2024- Ұлу жылына ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнап жаңа жылдық көңіл- күй сыйлады. Аяз ата балаларға сыйлығын ұсынды.
Сіздерді 2024 - Ұлу жылымен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Жаңа жыл құтты болсын!!!
"Өнер тапқыш"
ЖШС "AYBOBEK"бөбекжай- бақшасы 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген " Менің Отаным -Қазақстан" тақыбында Ұйымдастырылған Іс Әрекеті.
Тобы: "Өнер тапқыш"
Тәрбиешілері- Кымбат Толегенова, Makpal Berikkizi
Міндеттері:
-Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.
-Тәуелсіз, еркін сөздерінің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
"Көңілді көкеністер" ойын іс-арекеті
ЖШС "AYBOBEK"бөбекжай-бақшасындағы "Ақылды балақай" кіші тобының тәрбиешісі Исабекова Мерей Ұйымдастырылған Іс- Әрекеті
Тақырыбы: "Көңілді көкеністер" ойын іс-арекеті
Білімділік шеңбері: Көркем әдебиет, сурет, жабыстыру, музыка (кіріктірілген)
Мақсаты: Балалардың түрлі әрекеттегі ертегілерді тыңдауға, ертегінін басы мен соңын ойдан кұрастыруга баулу. Коңыр, қызғылт, сары, ашық жасыл ренктермен таныстыру жане ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру.
АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ
"AYBOBEK" бөбекжай-бақшасында "Өнертапқыш" ортаңғы тобының тәрбиешісі Кымбат Толегенова ұйымдастырылған іс-әрекеті
Тақырыбы: "Сиқырлы бейне "
Білімділік шеңбері: Сурет салу,Жапсыру,Музыка.Сөйлеуді дамыту(кіріктірілген)
Мақсаты: Балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету.Дидактикалық және дамытушы ойындар арқылы сөздік қорларын байыту.Балалардың түстерге деген кызығушылығын ояту.Командамен жұмыс істей білуге дағдыландыру.Жемістер туралы түсінік беру.
АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ.
"Aybobek" бөбекжай-бақшасы "Ақылды балақай" кіші тобының тәрбиешісі Аманжолова Айшолпан балаларды жан-жақты дамытуда физикалық, шығармашылық дағдыларды қалыптастыруда "Алма" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.
Мақсаты: балаларды түрлі сенсорлық әсерлермен байыту, көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту.
«Күзгі бақ»
ЖШС "AYBOBEK" бөбекжай-бақшасындағы "Өнертапқыш" ортаңғы тобының тәрбиешісі Берікқызы Мақпалдың Ашық Ұйымдастырылған іс әрекеті
Тақырыбы: «Күзгі бақ»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: сурет салу, математика, сөйлеуді дамыту, музыка
Міндеті: Дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы балаларды суретке қарап әр түрлі түстерді ажыратуға әр мезгілдің бояуларын көз алдарына елестете білуге алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге баулу.
"Ақылды балақай"
ЖШС " AYBOBEK" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Айшолпан Аманжолованың ҰІӘ "Ақылды балақай" кіші тобы Мақсаты: ұсақ қол маторикасы зейінді, кеңістікті бағдарлауды дамыту.
"Бағдаршам"
ЖШС " AYBOBEK " бөбекжай-бақшасындағы кіші топ тәрбиешісі Исабекова Мерейдің Ұымдастырылған іс әрекеті
Тақырыбы "Бағдаршам"
Мақсат-міндеттері. Түсі үш түрлі көлемі дөңгелек бағдаршамды парақ бетіне желімдеу. Балалардың түсті қабылдауға, ойлау қабілетін дамытуга.
ЖШС " AYBOBEK" бөбейжай -бақшасындағы "Ақылды балақай" кіші тобының ҰІӘ
Сөйлеуінің бұзылысы бар балалардың көпшілігін байқасаңыздар олар үрлей алмайды немесе өте әлсіз болар-болмас үрлейді. Осыған орай балабақшамыздың тәрбиешісі Аманжолова Айшолпан балалармен «Дұрыс тыныс алу» жаттығуын өткізді.
Мақсаты: дұрыс тыныс ала білуге, дыбыстарды анық айтып, таза сөйлей білуге машықтандыру.
"Арыстан"
ЖШС "AYBOBEK" бөбекжай бақшасы "Ақылды балақай" кіші тобының тәрбиешісі А.Аманжолованың күзгі жапырақтардан "Арыстан" тақырыбындағы ҰІӘ.
Берекелі АЛТЫН КҮЗ
Бөбекжай бақшамыздың Ақылды балақай кіші тобында және Өнен тапқыштар ортаңғы топтарында "Берекелі алтын күз" тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Сахнаның шырайын келтірген кіп кішкентай бүлдіршіндеріміз тәп тәтті қылықтары мен көз қуанышымыз болып өсе берсін!!!
"Күз сыйы"
Бақшамызда күз мерекесіне орай "Күз сыйы" атты көрме ұйымдастырылды.Көрмеге ұжымымыздың тәрбиешілері және балалар ата - аналарымен бірлесіп өз қол өнерлерін жасады.Тәрбиешілермен
ата -аналарға мың алғыс!
6 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына