Жапалақтап қар жауып, айнала ақ мамыққа айналды. Аппақ, қалың жауған қар қыс мезгілінің ерекшелігін білдіріп, табиғатқа көрік беріп тұр.
Бүгін, бөбекжай - бақшамыздың қызметкерлері жаңа - жыл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған қардан мүсін жасау байқауына белсене қатысты.
Өнерлінің қолы алтын дегендей, шеберлеріміздің қиялдарынан туындаған қар мүсіндері өте әдемі шықты![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Байқауға қатысушы барша балабақша ұжымдарына сәттілік!