Біздің балабақшаның “Өнер тапқыштар”ересек тобының тәрбиеленушілері «Мектеп пен балабақша сабақтастығы» жобасы аясында мектепке танымдық саяхат жасады. ![]()
![]()
Балалар мектептің оқу кабинеттерімен, сыныптарымен танысып, мұғалім апайлармен кездесті. Бұл шараның мақсаты – балаларды болашақ мектеп өміріне бейімдеу, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және жаңа ортаға сенімді қадам басуға дайындау. ![]()
Кішкентай зерттеушілеріміз саяхаттан ерекше әсер алып, жаңа әсер мен қуанышқа бөленді!