ЖШС "AYBOBEK " бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ағалова Ақнұр "Көңілді аспаздар" тақырыбында сюжеттік-рөлдік ойын өткізді.
"Өнер тапқыштар" тобының балапандары аспаздармен бірге сюжеттік-рөлдік ойынға қатысып,жаңа ойын түрлерімен танысып, "ас адамның арқауы" деген ұғымды тереңірек сезіне білді.
Мақсаты:балалардың саусақ икемділігін арттырып, жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке әрекет етуімен белсенділігін дамыту, аспаз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.