“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Әжемнен естіген ертегі” тақырыбында Ұ. Қараманов атындағы N262 мектеп- гимназиясының 8-9-10 сынып оқушылары аймақтағы “ Алтын балық”, “Күн-Нұрым”, “Айбөбек” балабақшаларына барып, бүлдіршіндерге өздерінің әжелерінен естіген ертегілерін айтып беріп, қызықты ойындар ойнап, бүлдіршіндерді қуантып келді. Осы іс- шаралардың өтуіне ат салысып жатқан жоғарыдағы балабақша ұжымына алғыс айтамыз!