Кызылординская область, Аральский район, город Аральск, ул. Айтеке би, д. 9а
+7(775)368-12-95
svetat.75@mail.ru

Бүгін балабақшамызда дәстүрлі сенбілік өткізілді.

Барлығы бірігіп қоқыс жинап, ағаштардың түбін қопсытып, гүлзарларды ретке келтірді. Көп ұзамай ауламыз таза, әдемі күйге енді.

Мұндай іс-шаралар ұжыммен жұмыс жасаудың қабілетін арттырып, балабақшамызға деген қамқорлығын қалыптастырады.

Таза бөбекжай бақша – біздің жарқын болашағымыздың кепілі!

“Өнер тапқыштар” ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Нұрсұлтанқызы Айзере анасымен бірге қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғыртып, ою-өрнекпен көмкерілген жастық тігіп, қазақтың қолөнерімен жақынырақ танысты.

Құстарға ұя жасау

"Ақылды балақай" кіші тобының тәрбиеленушісі Испаналиев Бекзат серуен кезінде құстардың тіршілігін бақылады.Әкесімен бірге ағаштардан ұя жасап, дәндер сеуіп, арнайы қамқорлық көрсетті.

Топ тәрбиешісі: Берікқызы Мақпал

балаларға табиғатты қорғау, құстарды аялау- біздің ортақ міндетіміз екенін түсіндіріп, оларды қоршаған ортаға мейрімді болуға шақырды.

Наурыз көже - Ұлыстың Ұлы күні жасалатын тағам. Қазақ халқының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады.

Дәстүр бойынша оған бидай, тары, бұршақ, күріш сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар мен ақ қосады. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле береді. Көжеге соғымнан арнайы сақталған қазы, қарта, шұжық та салады.

Наурыз көже - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Ұлттық тағам Наурыз мерекесінде әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды. Наурыз көже ішуге жиналған жұрт «ақ мол болсын» деген тілек айтады- деп “ Ақылды балақай” тобының тәрбиеленушісі Сағадат Аянаның анасы Наруыз көженің пайдасын ,оның жасалу жолын түсіндірді

Кел,Наурызым, ортаймайтын ырысым,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні "Наурыз" мерекесімен құттықтаймыз!

Еліміз аман,жұртымыз тыныш,келіп жеткен Жаңа жылымыз құтты болсын!

Осы мерекеге орай бөбекжай бақшамызда, “Өнер тапқыштар” және “Ақылды балақай”топтарында көңілді мерекелік ертеңгілік өтті.Ертеңгілік барысында балалар әсерлі әндер,көңілді билер билеп,тақпақтар айтып,ұлттық ойындар ойнады.Наурыз көженің жасалу жолдары түсіндірілді.Ертеңгілік соңында балалар мерекелік наурыз көжеден дәм татты.

🫂Көрісу күні – ұлттық дәстүріміздің көрінісі, адамдар арасындағы жылулық пен мейірімділіктің белгісі. Бүгінгі күннің басты мақсаты – кешірім сұрау, рахмет айту, бір-біріне қуаныш пен бақыт тілеу.

💐ЖШС “AYBOBEK” бөбекжай бақшасы Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі де баянды өмір тілейді! Көрісу күні құтты болсын!

🌹🌹🌹 Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Бөбекжай бақшамыздың

”Өнер тапқыштар ” ортаңғы тобында аяулы аналарымызға арналған мерекелік ертеңгілік өтті.

Ертеңгілік барысында балалар аналарға арнап әсем ән салып,өлең шумақтарын шашып,би билеп,түрлі ойындар ойнап,мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бөбекжай-бақшамыздың “Ақылды балақай” кіші тобының аналарымыз бен сүйкімді қыздарымыздың мерекесіне орай өткен ертеңгілігі.

Тәрбиешісі: Берікқызы Мақпал

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

💖"Алғыс айту -парызым"💐💐💐

ЖШС “AYBOBEK “ бөбекжай бақшасы Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл күн – жүректен шыққан жылы сөздер мен ізгі тілектердің, мейірім мен құрметтің мерекесі.

Өміріңізде сізге қолдау көрсеткен, жақсылық жасаған жандарға алғыс айтып, ризашылық білдіретін сәтіңіз көп болсын. Жанымыз мейірімге, жүрегіміз махаббатқа толы болсын!

Алғысымыз шексіз, мерекеміз құтты болсын!

Мақсаты - балалармен құстардың алуан түрлігі туралы,тауықтар адамға ет пен мамық беретінін,балалардың балапандарға қамқорлық жасауға үйрету қалыптастыру.