Кызылординская область, Аральский район, город Аральск, ул. Айтеке би, д. 9а
+7(775)368-12-95
svetat.75@mail.ru

ЖШС "AYBOBEK" бөбекжай-бақшасы педагогтары 2023-2024 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған іс әрекеттерін өткізді.

Мақсаты: Балаларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Рәміздер туралы түсініктерін кеңейту.

Бөбекжай-бақша ұжымы Республика күніне орай өткізілген “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат” экологиялық сенбілік акциясына белсене қатысты .

Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін игі дәстүр. Өзіміздің тұратын аумаққа, өзі жұмыс атқаратын мекемеге жаны ашып, оның тазалығына көңіл бөлу әрбір азаматтың парызы.

Осы ретте барлық тұрғындарымызды тұрғылықты тұрғын–үй жайларының аулалары, жеке меншік аумақтарды таза ұстауға шақырамыз!

"Өнер тапқыш" ортаңғы тобы

Тақырыбы:Төлін тап

Мақсаты:Балаға үй жануарларын айыра білуге үйрету. Олардың төлдерін танып, аттарын атуды үйрету.

Бүгін Бөбекжай-бақшамызда ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. Балабақшаның жаңа оқу жылындағы мақсат міндетті;

2. 2023-2024 оқу жылындағы ата-ана комитетін сайлау.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Ата -аналар комитетінің төрағасы мен мүшелері сайланды.

Жиналыс соңында ата-аналар пікірі тыңдалып,жаңа оқу жылына сәттілік тіледі .

"Ақылды балақай" кіші тобы

Үстел үсті ойыны.

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, жылдамдыққа дағдыландыру.

Бөбекжай-бақшамыздың жазғы сауықтыру жұмыс жоспарына сәйкес «Өнер тапқыштар» және «Ақылды балақай» топтарында «Балабақша ауласындағы демалыс» тақырыбында сейілге шығу (пикник) ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балаларға жаз мезгілі жайлы түсінік беру.Табиғатпен, қоршаған ортамен таныстыру.

Балаларға таза ауадағы демалыс ерекше ұнады.

1 маусым-балаларды қорғау күні мерекесіне орай «AYBOBEK» бөбекжай-бақшасында «Біз-өмірдің гүліміз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Аталмыш іс-шараға бөбекжайымыздың бүлдіршіндері белсене қатысты. Мерекелік кешке ата-аналарды тарту, кастюмдер мен аниматорларды ата-анамен бірлесіп ұйымдастыру бөбекжайымыз бен ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түскендей.